25 ақпан күні SOYLE.KZ шетелдіктерге қазақша үйрету жобасының ағылшын-латын нұсқасы таныстырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат ШАУЕЕВ хабарлады.
Жоба авторларының хабарлауынша, SOYLE.KZ іске қосылғалы қосымшаны 5 миллионнан астам қазақстандық және шетелдіктер қолданған, дәл қазіргі уақытта 115 мыңнан аса адам қазақ тілін үйреніп жатыр. Интернеттегі “Soyle” мобильді қосымшасын 50 мың адам жүктеген.
Онлайн платформа жетекшілерінің мәліметінше, 2016 жылдан бастап SOYLE.KZ әдістемесі бойынша Skype арқылы қазақ тілін үйреу сабақтары тегін жүргізіліп келеді.
Айта кетейік, SOYLE.KZ жобасымен қатар “Balasoyle”, “Qazcomics.kz” қосымшалары жарық көрді.
Abdimanap KENES