Сулейман Демирель университеті елшілік өкілдерімен бірге Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Наурыз мейрамына орай университетімізбен әріптестік қарым-қатынастағы Польша, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Эстония, Түркия, Үндістан елдерінің Алматыдағы Консулдары мен дипломатиялық миссия өкілдерін мерекелік дастарханға шақырды”, – делінген университет ақпаратында.
Сулейман Демирель атындағы Университеттің стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарының бірі – Интернационализация (СДУ Стратегиясы, 9 тармақ).
Анықтама ретінде: Бүгінде Сулейман Демирель Университетінде 15 елден 156 шетелдік студент білім алуда.