Білім және ғылым министрлігі түлектердің жұмыспен қамтылуы нашар ЖОО-дағы мамандықтардың лицензияларын алады. Бұл туралы министр Ерлан Сағадиев 29 тамыз Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы өткен жылы 10 мың, осы жылы тағы 20 мың оқу грантын бөліп, оқу грантын теңдесіз көбейтті деген министр “баршамыздың атынан мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер”, – деді. Министр көп сенім артылғандықтан, ЖОО-ның сапасы бірінші кезектегі жауапкершілік болғандығын атап өтті. ЖОО сапасы мәселесін қалай шешеміз деген сауалға жауап берген Сағадиев төмендегі критерийді атады.
“Біріншісі – түлектердің жұмыспен қамтылуына қатысты рейтингтер базасында, яғни министрлік түлектердің еңбекпен қамтылуы төмен ЖОО-дағы мамандықтардың лицензиясын алады”.
“Бұл жоғары оқу орынын мамандандырудың тетігі. Жақсы білім беретін болса, берсін. Дипломды жоғары талаппен бермейтін болса, білім берудің мәні жоқ”, – деп түйіндеді Е. Сағадиев.
Сафина Саид