1 маусым күні Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдық мерейтойының сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.
Тоқаевтың сөзінше, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыратын Ұлттық пікір айту жүйесін құру қажет.
“Ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшын салалық министрлікті екі ведомствоға бөлу қажет деп есептеймін. Оның бірі тек ғылым және жоғары біліммен айналысады”, – деді президент Тоқаев.
Президенттің пікірінше, бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетіне серпін береді.