Вице-министр: педагог мәртебесі оның біліміне байланысты

0
80
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

6 қаңтар күні ОКҚ-да “Педагог мәртебесі туралы” ҚР заңының негізгі бағыттары жөнінде баспасөз брифингі өтті. Білім және ғылым вице-министрлері Бибігүл Асылова мен Шолпан Каринова журналистерге заң туралы сұрақтарға жауап берді.  

“Педагогтың мәртебесі бұл заңға немесе оның жалақысына, үстемақысына байланысты емес. Ең алдымен оның жеке басына, білімі мен кәсіби құзырлылығына тікелей байланысты. Екіншіден оның мәртебесі беріліп отқан білімнің сапасына байланысты. Білім сапасы барлық мекемелердің материалдық-техникалық базасына тікелей қатысты. 2019 жылдың желтоқсан айында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламада білім сапасын көтеру, ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықты азайту туралы жан-жақты қамтылған. Оның ішінде білім сапасына тікелей қатысы бар пәндік кабинеттерді жабдықтау қарастырылған. 18 мың кабинетті жабдықтау алдағы алты жылға жоспарланды. Бүгінде интернетпен қамту 68 пайызды көрсетіп отыр”, – деді вице министр.

Еске салайық, 26 желтоқсанда парламенттің жоғары палатасы аталмыш заңды қабылдап, 30 желтоқсанда президент Тоқаев қол қойды. 

Заң жобасындағы негізгі ережелер:

  • 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөнінде норма бекітілді;
  • Халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімге үш еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру қарастырылған;
  • Ауылдық жерде тұратын мұғалімдерге жер телімін алуда басымдық беру;
  • ЖОО-дан басқа білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерді әскерге шақыруды кейінге қалдыру көзделген;
  • мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларды атқаруға міндеттегені үшін көбірек айыппұл төлету жағы (20-120 АЕК айыппұл) қарастырылған;
  • Мұғалімнің ар-намысына тию фактісі Әкімшілік кодекстегі жеке бап бойынша жазаланады (30 АЕК көлемінде айыппұл, қайталанған жағдайда әкімшілік қамауға алу жазасы да бар);

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз