Өзбекстан мектептері қазақстандық стартапты оқу бағдарламасына енгізбек

0
32
Photo: Naryk.kz

Өзбекстанның жетекші мектептері CodiPlay компаниясының бағдарламалау және робототехника саласында білім беру мақсатында құрылған бағдарламаларына терең қызығушылық танытып, инновацияны оқу үдерісіне енгізуге ниетті. Бұл туралы Naryk.kz порталы хабарлады. 

CodiPlay компаниясы Кореяның Инха университетінің (Inha University) қолдауымен Ташкентте Өзбекстанның 15 жетекші мектебіне презентация өткізді. Іс-шара барысында мектеп директорларына арналған дәріс, информатика мұғалімдеріне арналған практикалық семинар және мектеп оқушыларына арналған арнайы байқау ұйымдастырылды.

Директорлар үшін ұйымдастырылған дәрісте CodiPlay оқу бағдарламасының ерекшеліктері мен әдістемелері толығырақ түсіндірілді, кейін мектептердің білім беру процесіне бағдарламаны тиімді енгізу стратегияларын талқылауға бағытталған сұрақ-жауап сессиясы өтті. Ал уоркшопта информатика мұғалімдері оқушылардың үлгерімін бағалау және оқу процесін бақылау құралдарын ұсынатын және оқу сапасын жақсартуға көмектесетін CodiTeach платформасымен танысты.

CodiPlay командасы ұйымдастырған әр түрлі мектептерден келген 36 оқушы қатысқан жарыста қатысушылар CodiKit жиынтықтарын қолдана отырып, мүмкін болатын 56 IoT жобасының екі ерекше жобасын жинады. «Шлагбаум» мен «Ақылды себет» жобаларын құруға арналған тапсырмаларды қысқа уақыт арасында орындау оқушылар үшін нағыз сынақ, ал бақылаушылар үшін олардың шектеулі мерзімде тез және тиімді жұмыс істеу қабілетін тексеру болды. Бұл жарыс жас қатысушылар үшін бағдарламалау және робототехника әлемімен жақынырақ танысу мүмкіндігін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша барлық оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды, ал үздік нәтиже көрсеткен алты оқушыға жалпы жүлде қоры 2 600 000 сом құрайтын естелік сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның маңызды бөлігі болған IT-білім беру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді ұсынатын CodiPlay  компаниясының Оңтүстік Кореялық серіктестерінің белсенді қатысуы.

«CodiPlay Өзбекстанның білім беру саласындағы өз орнын нығайтуда және жергілікті мектептерде арнайы шақыру бойынша презентациялар өткізуде. Осы іс-шаралар барысында компания оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылығы мен техникалық дағдыларын дамытуға ықпал ететін кешенді білім беру шешімдерін ұсынады. Өзбекстанның көптеген мектептері біздің компания ұсынатын мүмкіндіктерге қызығушылық танытатынына ерекше қуаныштымыз. Өзбекстан қазір IT-білім берудің дамуына байланысты цифрлық трансформацияның белсенді кезеңінде. Сондықтан мектеп кезеңінен бастап жаңа буынды заманауи технологияларды қолдануға дайындау –  өте маңызды. Оқушыларға заманауи білім беру шешімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, оларға техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар болашақта пайдалы болатын жалпы құзыреттерді игеруге көмектеседі. Біз Өзбекстан мектептерінің біздің ұсынысымызға көрсеткен қызығушылықтарына ризамыз және оқушылардың дамуы мен елдің жоғары технологиялық болашаққа дайындалуына ықпал ететін білім беру бағдарламаларын құруда ынтымақтасуға дайынбыз», дейді CodiPlay компаниясының негізін қалаушы және CEO-сы Жанәділ Талдыбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз