Алматыда коронавирус жұққан тағы бір адам анықталды

0
59
Photo: interfax

19 наурызда Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, бұл 1979 жылғы Ресей азаматы.

“Ол бізге 15 наурызда Мәскеу – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Қазір карантиндік стационарда жатыр. Денсаулығы – орташа” деді Ахметшәріп.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті. Олардың 19-ы – Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр. Олардың арасында екі бала бар.

19 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап коронавирусқа байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізілді. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда екі қалаға қатынайтын пойыздар мен ішкі рейстер толық тоқтайды. Екі қала толық жабылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз