Алматыда Pfizer екпесін ақылы салдыруға тіркелу басталды

0
140
photo: rbc.ru / pfizer

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада Pfizer Comirnaty вакцинасын ақылы салдыруға тіркелу басталғанын хабарлады.

Тұрғындар Pfizer екпесін мына үш жерден салдыра алады:

  • №5 қалалық емхана: Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141, байланыс телефоны 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp);
  • №7 қалалық емхана: Бостандық ауданы, Бұқар жырау көшесі 14, байланыс телефоны 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp);
  • № 5 қалалық клиникалық аурухана: Медеу ауданы, Достық даңғылы 220, байланыс телефоны 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp).

Басқармадағылар ақылы екпенің нақты құны әлі айтпады.

Әзірге Алматыдан басқа аймақтарда ақылы екпеге тіркеудің басталғаны жөнінде ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, Pfizer вакцинасының бір ампуласы 6 дозаға, яғни алты адамға арналған. Оны ашқаннан кейін 6 сағат бойы, ал жабық және ерітілген күйде бір ай сақтауға рұқсат етіледі.

Ел арасында Pfizer екпесі деп танылған бұл препараттың ресми аты – Comirnaty (Комирнати). Екі дозадан тұрады, арасы 21-28 күн. Ерекше жағдайда аралық 41 күнге дейін ұзаруы мүмкін.

Comirnaty – ДДСҰ мақұлдаған вакциналардың бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз