Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус тіркелген 35 жағдай расталған. Оның ішінде Алматыда-17 оқиға, Нұрсұлтанда-18 оқиға.
Қазақстанда коронавирустың пандемиясы салдарынан төтенше жағдай енгізілді, ал Астана мен Алматыда 19 наурыздан бастап карантин енгізіледі .
ДДҰ мәліметтері бойынша 18 наурыз күні, COVID-19 154 мемлекетте анықталған. Әлемде коронавирус ауруымен ауырғандардың жалпы саны 197 139, өлім көрсеткіші 7916, сауыққандар 81 738 адамды құрады . Соңғы тәулікте вирус сегіз жаңа елде анықталған .