Қант қатерлі ісікке шалдығуға ықпал етеді – онкологтар

0
84
дереккөзден

Андерсон атындағы америкалық онкологиялық орталық ғалымдары құрамында қант көп тағамдарды шамадан тыс жиі қолдану қатерлі ісікке шалдығуды жиілететінін хабарлады.

Food news ақпарына сәйкес, ғалымдардың зерттеу қорытындысы Cancer Research журналында жарияланған.

Зерттеуді тышқандарға жүргізген. Кеміргіштердің бір тобына сахароза берген, оның көлемі батыс елдерінде тұрғындар тұтынатын көлеммен деңгейлес болған. Тышқандардың басқа тобын қантсыз крахмал диетасында ұстаған.

Нәтижелерге сәйкес, сахарозамен қоректенген тышқандардың қан құрамы қанттың жоғары деңгейін көрсеткен, бұл өз кезегінде ісіктің жылдам өсуіне сеп болады. Ғалымдар сондай-ақ, қанттың жанама әсері екі заттектің жоғары шамадан тыс деңгейімен байланысты екенін анықтады, олар – 12-HETE и 12-LOX. Көбіне бұл екі заттек сүт безінде ісіктің пайда болуына, өкпеде кеселдің басқа мүшелерге де тарауына ықпал етеді.

Зерттеушілер қантты қолдануды шектеу арқылы қатерлі ісіктің алдын алуға, диабет, жүрек ауруы, семіздік сынды кеселдерге шалдықпауға ықпал ететінін алға тартады. Ғалымдар кәмпит, балмұздақ, тосап, желе, шырын, тәтті йогурт, тоқаш өнімдерін пайдаланудан бас тартуды ұсынады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз