18 қаңтарда коронавирусқа қарсы “Спутник Лайт” вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіліп, “СК-Фармация” қоймасына келіп түсті. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Вакциналардың осы партиясы жедел түрде ел өңірлеріне жіберілетін болады. Алдағы күндері вакцина қазақстандықтарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.
“Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін “QazVac”, “Спутник V”, “Hayat-Vax”, “CoronaVac”, “Sinopharm”, “Comirnaty Pfizer/BioNTech”сияқты вакциналар қолданылады”- делінген хабарламада.