Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 23:30-дағы дерегіне сай, елде тағы 13 адамнан коронавирус (Атырау облысында алты, Алматыда үш, Алматы облысында екі, Нұр-Сұлтанда бір, Ақтөбе облысында бір) табылды.
Бұдан бөлек, министрлік Алматыда екі адам Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады.
Қазір елде науқастар саны 284 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Вирус жұқтырған 283 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда – 167 адам
- Алматыда – 70 адам
- Атырау облысында – 12 адам
- Қарағандыда – 7 адам
- Ақмола облысында – 6 адам
- Алматы облысында – 6 адам
- Жамбыл облысында – 3 адам
- Шымкентте – 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
- Ақтөбе облысында – 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
- Павлодар облысында – 1 адам
- Маңғыстау облысында – 1 адам
- Қызылорда облысында – 2 адам.