Қазақстанда тұңғыш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру отасы жасалады

0
96

Бүгін Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында елімізде алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалып жатыр. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

Ота жасалып жатқан науқас 55 жастағы бауыр циррозына шалдыққан елорда тұрғыны. Оған отаны  Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ён жасауда. Аталған қос дәрігер  отандық дәрігерлерге қан топтары үйлеспеген кезде  туыстық донордан бауыр транспланттау технологияларын меңгеруді үйретпек.

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының хиругия бойынша бас кеңесшісі Тоқан Сұлтанәлиевтің айтуынша,  жалпы әлемдік тәжірбиеде мұндай ота жеті жылдан бері жасалып келеді. Бір қызығы, науқастың қан тобы бірінші топқа жататын болса, донордың қан тобы екінші топқа сәйкес келеді.

Ота құны шамамен 5 млн теңгені құрайды. Аталған науқас үшін ота мемлекет есебінен жасалуда. Т. Сұлтанғалиевтің айтуынша, сәйкес келмейтін донордан трансплатация жасау 100 мың еуроға дейін жетеді.

Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли «Науқасты оңалту науқастың отадан барлық халықаралық  бұрынғы жағдайына тікелей байланысты. Бүгінгі ота халықаралық талаптардың барлығына сай келетін ота болмақ. Қазақстан заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жоғары медициналық қызмет көрсету жағынан халықаралық талаптарға сай мемлекет. Алдағы уақытта мұндай күрделі оталарды отандық мамандар да жасай алатын болады», — деп мәлімдеді.

Атап өтерлігі,  елімізде шамамен 300 астам науқас бауыр алмастыруға кезекте тұр.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз