Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 218 адам анықталды, оның 50-і Шымкент қаласында тіркелген. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қарағанды облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 20 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы – 32
Алматы қаласы – 37
Шымкент қаласы – 50
Атырау облысы – 23
Қостанай облысы – 12
Түркістан облысы – 5
Қарағанды облысы – 24
Батыс Қазақстан облысы – 10
Қызылорда облысы – 5
Алматы облысы – 7
Жамбыл облысы – 9
Маңғыстау облысы – 1
Ақтөбе облысы – 1.
Дерттен бір күнде 129 адам жазылған.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 6959 адам жетті. 3598 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.