Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты

0
94

31 шілде күні Қазақстанда 1289 адамнан коронавирус табылған. Вирус жұқтырған 708 адамда ауру белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша көш басында Алматы және Нұр-Cұлтан қалалары. Бұл қалаларда бір күнде екі жүзден астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Бұл екі облыста бір күнде жүзден астам науқас тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда (16) мен Ақтөбе (24) облыстарында.

Өткен тәулікте республика бойынша шілде айындағы ең төменгі көрсеткіш тіркелді. Алайда көрсеткіштің төмендеуі ауру белгісі жоқ науқастар есебінен болып отыр. Ал ауру белгісі бар науқастардың тәуліктік көрсеткіші шілденің алғашқы күндерімен салыстырғанда керісінше жоғарылаған.

Қазақстанда эпидемия басталғалы вирус жұқтырғаны расталғандар саны 90 367-ге жетті:

Алматы қаласында – 11873 (+211 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -11254 (+226),
Атырау облысында – 10287 (+45),
Қарағанды облысында – 8623 (+110),
Шығыс Қазақстан облысында – 6373 (+111),
Батыс Қазақстан облысында – 5789 (+76),
Шымкент қаласында – 4895 (+26),
Алматы облысында – 4375 (+55),
Жамбыл облысында – 3542 (+50),
Павлодар облысында – 3209 (+84),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3102 (+64),
Ақтөбе облысында – 3045 (+24),
Қызылорда облысында -2984 (+16),
Маңғыстау облысында – 2907 (+32),
Түркістан облысында – 2789 (+39),
Қостанай облысында – 2679 (+64),
Ақмола облысында – 2641 (+56).

Ресми дерекке сәйкес, коронавирустан жазылып шыққандар саны өткен тәулікте 1308-ге артып, 60 825-ке жеткен. Аурудан 793 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз