Қазақстанда қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді

0
62
Photo: BBC

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың баяндауынша елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Олардың 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі, оның көпшілігі вакцина алмаған балалар.

Қызылша ауруы елдегі барлық өңірде тіркелген. Оның ішінде жағдай ушыққан аймаққа Шымкент пен Алматы қаласы, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облысы кіреді.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылған, ал стационарлық емдеуде 2375 бала бар. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, оның ішінде жасы 1-ге толмаған 15 бала бар.

Жалпы, үкімет отырысында қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды. Премьер-министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.

«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс», – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынған. Нақтырақ оның әзірге 500 мың дозасы елге келген. Ал, қалғаны желтоқсан айында жеткізіледі деп күтілуде.

Қызылша ауруының асқынуы бойынша әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз