Ресейде соғысқа мобилизацияланған әскерилер туыстары наразылық танытуда

0
36
Ресей әскері. Photo: Lenta.ru

Ресейде, Украинаға қарсы соғысқа мобилизацияланған әскерилердің туыстары оларды кері қайтаруын және қызмет ету мерзімін белгілеу туралы петицияға қол қоюда, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Әскерилердің туыстары отандастарынан көмек сұрап, телеграм арналарының бірінде үндеу жариялаған.

«Бұл бүкіл халыққа жазып отырған үндеуіміз, дәлірек айтсақ, көмек сұрау. Біз үкімет есіктерінің табалдырығын тоздырып біттік. Мемлекетіміз көмек қолын созудан бас тартты», – делінген үндеудің басында.

Бұдан бөлек, мобилизацияланғандардың туыстары, Ресей президенті Владимир Путинді қатаң сынға алуда. Тіпті онымен бірге өздерінің үндеуіне «құлақ асады» деген үміттерінде жоққа шығармайды. Олардың айтуынша 2024 жыл, «Отбасы жылы» деп жарияланған. Алайда, алдағы жылды көптеген әйелдер күйеуінсіз, балалар әкесіз өткізгелі отыр.

Кейінгі уақыттарда, ресейлік мобилизацияланғандардың жақындары, соғыста бір жылдан астам уақыт болған ер адамдарды үйлеріне қайтаруды талап етуде. Олар соғысқа жұмылдырылғандардың шекті мерзімін бір жылға шектеуді, барлық жаралыларға ақы төлеуді талап еткен.

Жергілікті билік, әскерилердің туыстарына бүкіл Ресей аумағы бойынша митингі өткізуге рұқсат бермеген. Олар, мұны коронавирус пандемиясымен байланыстырып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз