Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы 102 адамнан анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Алматы қаласында – 79, Алматы облысында – 2, Шымкентте – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 6, Жамбыл облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Түркістан облысында 3 адамға вирус жұққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 1 мамыр таңертеңгі сағат 10.40-та хабарлады.
Елде барлығы 3504 адамға вирус жұққан. 866 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3504 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 1130
- Нұр-Сұлтан қаласы – 650
- Қызылорда облысы – 201
- Шымкент қаласы – 193
- Қарағанды облысы – 149
- Атырау облысы – 139
- Батыс Қазақстан облысы – 152
- Түркістан облысы – 127
- Павлодар облысы – 129
- Алматы облысы – 138
- Жамбыл облысы – 132
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 109
- Қостанай облысы – 50
- Маңғыстау облысы – 49
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 23