Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтанда – 3, Алматы қаласында – 10, Алматы облысында – 1, Қызылорда облысында 1 адамға вирус жұққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 15 сәуір кешкі сағат 17:25-те хабарлады.
Қазақстанда жалпы науқастар 1290 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 380
- Нұр-Сұлтан қаласы – 297
- Қызылорда облысы – 127
- Қарағанды облысы – 81
- Ақмола облысы – 80
- Атырау облысы – 70
- Түркістан облысы – 49
- Жамбыл облысы – 46
- Шымкент қаласы – 40
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26
- Алматы облысы – 25
- Батыс Қазақстан облысы – 18
- Ақтөбе облысы – 13
- Маңғыстау облысы – 11
- Павлодар облысы – 11
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Қостанай облысы – 5
15 науқас қайтыс болған. Барлығы 220 адам айыққан.