5 сәуір күні Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус анықталды: Алматы қаласында – 5, Қарағанды облысында – 4 адам, Түркістан облысында – 4 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Атырау облысында – 1, Қызылорда облысында 1 адам. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі сағат 14.05-те хабарлады.
Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар 569 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 219
Алматы қаласы – 115
Қызылорда облысы – 31
Қарағанды облысы – 31
Түркістан облысы – 29
Жамбыл облысы – 28
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Атырау облысы – 23
Ақмола облысы – 23
Шымкент қаласы – 13
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 10
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Маңғыстау облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қостанай облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Қазақстанда 36 адам Covid-19 дертінен айықты. Алты адам қайтыс болды.