Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус табылды

0
125
Photo: interfax

Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Оның төртеуі Алматыда, біреуі Нұр-сұлтан қаласында.

Коронавирус жұқтырғандар Алматы қаласында 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 17 адам болды, барлығы 32 адамға жетті. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Диас Ахмет-Шәріп таратты.

Бүгін түске дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында тағы 14 адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеп, олармен байланысқан адамдардың барлығы анықталып, оқшауланғанын айтқан.

Президент Қасым – Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз