Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қарсы екпенің толық курсын қайтадан алуға рұқсат беру жөніндегі қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпелерді екінші қайтара алуға болады әрі бұл адамның өз еркімен жүзеге асады.
Екі екпенің арасы үш айдан кем болмауы тиіс.
Министрлік екпені екінші қайтара алу процесі тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін ДДСҰ мақұлдаған екпелерді екінші қайтара алуға тек шетелге шығатындарға ғана рұқсат беріп келген.
Елде COVID-19 вирусына қарсы VeroCell (Sinopharm) және Сomiranty (Pfizer) екпелерін екінші қайтара алуға болады.