2019 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыруда олардың бағасын реттеу механизмдерін енгізеді. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекке баға орнатуда неміс тәжірибесін қолдануды жөн көрген. Бұл туралы 11 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ҚР денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы. Людмила Бұйрабекова мәлімдеді.
“Біз нарықпен бөлшек секторын реттеуде қандай үстеме баға белгілейтінімізді ұзақ талқыладық. Германияның тәжірибесін жөн деп таптық. Неміс тәжірибесіне нарық пен бөлшек секторына қатысушылардың көңілі толды”, – деп атап өтті Л. Бұйрабекова.
Л. Бұйрабекованың айтуынша, фармацевтикалық компаниялардың айырмашылығы дәрі-дәрмектің құнына қарай өзгереді.
“Дәрі-дәрмек қаншалықты арзан болса, оған белгіленген үстеме баға жоғары болады, бұл нарықта арзан дәрі-дәрмекте жоғалтпау үшін қажет. Орта есепте, бұл дәрмектің құны 350 теңгеге дейін болса, онда үстеме бағасы бөлшек саудада 68% құрайды. Егер дәрмектің құны 200 000 теңгеден жоғары болса, үстеме бағасы 3% аспайды”, – деп түсіндірді фармация комитетінің төрайымы.
Л. Бұйрабекова шектеу тек шекті сомадан асып кетпеуге ғана қойылған. Бөлшек медиакаменттерді арзан бағаға сата алады.
Safina Said