Өкпе қабынуы диагнозын анықтайтын ақылды стетоскоп

0
197

Джон Хопкинс университетінің ғалымдары жасанды интеллект көмегімен өкпе қабынуы диагнозын лезде анықтайтын стетоскоп жасап шығарды.

 Жыл сайын шамамен бір миллион бала өкпе қабынуынан қайтыс болады. Егер бұл балалардың сырқат диагнозы ерте анықталса өлім саны азаяр еді. Дамушы елдердегі халықтың 95 пайызы аталмыш технологиямен қамтамасыз етілмеген. Осыны негізге алған Джон Хопкинс университетінің зерттеушілері мәсeленің шешімін тапқан секілді.

 Кез келген жерде қолдануға ыңғайлы

Стандартты стетоскоп – өкпе ауруларын анықтау үшін өте бағалы және арзан құрал. Дегенмен, пайдаланушы тыңдауға болатын нәрсені білмесе немесе сыртқы дыбыс науқастың тынысын тарылтса, бұл құрылғы іске жарамайды. Бұл шектеулерді ескере отырып, зерттеушілер стетоскопты қайта құрастыруды көздейді. Осылайша, өкпе дыбыстарын жазу кезінде сыртқы дыбыстарды ескермейтін құрылғы жасалды. Кейінірек олар пневмония белгілерін анықтау үшін өкпенің дыбысын тыңдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект көмегіне жүгінеді.

Зерттеушілердің жазған мақаласына қарағанда, құрылғы сау адам мен пневмонияға шалдыққандардың арасындағы айырмашылықтың 87 пайызын дәл анықтаған.

Джон Хопкинс зерттеушілер тобы бүгінде Перу, Бангладеш, Малави және АҚШ-та стетоскоптың прототипін сынап жатыр. Құрылғының соңғы нұсқасынан үміт көп. Зерттеушілер бұл құрылғы нарықтағы қазіргі 500 доллар тұратын электронды стетоскоптан әлдеқайда арзан болатынын айтады.

бала аман қалса да мақсаттың орындалғаны”

“Қайта өңделген бұл стетоскоп пневмониялы балалардағы жаһандық денсаулық дағдарысына әсер етеді деп ойлаймыз. Макро деңгейге қарап, жүз мыңдаған адамның өмірін құтқара алады деп үміттенеміз. Микро деңгейде, егер бір ата-ана өз баласын ерте диагностикалаудан қалпына келтірсе алса қуаныштымыз”, – деді зерттеушілер.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз