19 наурыз түс кезінде Нұр-Сұлтанда тағы жеті адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік әзірге науқастар туралы толық ақпарат берген жоқ.
Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті: 19 адам – Алматы, 25 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.