2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдер құны алдыңғы тоқсаннан қарағанда 2%-ға қымбаттады (өткен жылғымен салыстырғанда 6,6%-ға қымбат). Бұл туралыenergyprom.kz сайты хабарлайды.
«Бағалардың ең қарқынды өсуі гормондық препараттар сегментінде 20,5%-ға көтерілуінен бірден байқалды. Сондай-ақ анальгетиктер бір жыл ішінде – 12,7 %-ға және асқазанға арналған дәрі-дәрмектер бір жыл ішінде – 9,1 %-ға өскен».
Аймақтар арасында дәрі-дәрмек құнының өсуі Алматы облысында (бір жыл ішінде 14 %-ға) байқалады.
Бұдан өзге Маңғыстау (бір жыл ішінде +11,9% ), Атырау (+10,9%) облыстарында да дәрі-дәрмек құны өскен.
Ал Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек құнының өсуі айтарлықтай байқалмайды (жылда 0,9 пайызға ғана өсіп отырған).
Зерттеуде мәлімделгендей, отандық фармацевтикалық корпорациялар 2 ай ішінде 4,12 мың тонна дәрі-дәрмек өндірген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45,4 %-ға артық.
Негізгі фармацевтикалық өнімдердің құны 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 13,19 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық.