Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды

0
56

Қазақстанда өткен тәулікте белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 723 адамның шалдыққаны анықталған. Бір тәулікте пневмонияның осы түрінен 6 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1-20 тамыз аралығында “коронавирустық пневмонияға” шалдыққандар 21 264 адамға жеткен. Осы аралықта 243 адам қайтыс болған. 2 139 адам жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 20 тамызда Сovid жұққаны зертханалық талдаумен расталған 20 адам көз жұмған. 13 наурыздан бері барлығы 1481 адам қайтыс болған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 14 670 адам емделіп жатыр. 62-cі – бала. 6 339 науқас стационарда жатыр. 355 адамның жағдайы – ауыр, 78 адамның жағдайы – өте ауыр. 49 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне оның ішінде Қазақстанға да коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын, бірақ зертханалық талдаумен расталмаған пневмония түрін біріктіруге кеңес берген. Көрші Қырғызстан шілде айының ортасында көрсеткішті біріктірген. Ал Қазақстан бастапқыда біріктіретінін мәлімдегенмен кейінірек бұл ниетінен айнып қалды. Егер екі көрсеткішті қосса, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар – 124 356 адамға жетеді. ДДСҰ ресми сайтында Қазақстандағы Covid статистикасын солай біріктіріп көрсеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз