Вице-министр: Ауруханаға жатпаған науқастар дәріні тегін алуы тиіс

0
71
Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова. Photo: Khabar 24

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова “өкпесі қабынса да ауруханаға жатпаған науқастар дәріні тегін алуы тиіс” деп санайды. 

Оның айтуынша, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар ЖРВИ, тыныс алу жолдарының өткір аурулары, ауруханадан тыс өкпе қабынуы кезінде, ал ересек адамдар ауруханадан тыс өкпе қабынуы кезінде тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.

“Бұл дәрі-дәрмекті учаскелік дәрігер жазады және бақылаушы орган қанша препарат, кімге берілгенін көріп отыруы үшін ақпараттық жүйе арқылы өтеді”, – деді вице-министр.

Людмила Бұйрабекованың айтуынша, Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық өңірде мұндай дәрі-дәрмекті учаскелік медбикелердің үйге жеткізіп беруі ұйымдастырылған.

“Бұл препараттарды мобильді бригадалардың да жеткізіп беруі жоспарланған. Дәрігер тегін қамтамасыз етілетін мұндай препараттарды жазып бергенімен, пациент дәріханадан алып кетуге мәжбүр болса бізге хабарлауды өтінеміз. Шара қолданатын боламыз”, – деді вице-министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз