Ұзақ ұйқы адам өміріне қауіпті

0
115

Ұлыбританиядағы Килск университетінің Чунь Шинг Квон басқарған мамандар тобы осындай қорытындыға келді.

Science Alert сайтының ақпаратына сүйенсек мамандар 3 миллиардтан адам қатысқан 47 зерттеу жұмысын сарапқа салды. Тәулігіне он сағаттан астам ұйықтау уақытынан бұрын өмірден озуға себеп болатыны анықталған. Он сағаттан көп ұйықтайтын адамның инсульт алу қаупі 55 пайызға артса, жүрек-қантамырларымен байланысты аурулардың пайда болуы 49 пайызға артады.

Сондай-ақ, ұзақ уақыт ұйықтауды әдетке айналдыру уақытынан бұрын ажал құшуға себеп болуы мүмкін. Қауіпті аурулардың алдын алу үшін мамандар тәулігіне 7-8 сағаттан астам уақыт ұйықтамауға кеңес береді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз