ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артады
Нұрсұлтан қаласы Тәуелсіздік сарайында “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезінде партияның 20 жылдық жұмыс қорытындысын талқыланып, 2030 жылға дейін арналып жасалған бағдарламаның негізгі бағыттарын анықтаған болатын. Сол съезде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырған болатын.
Кейіннен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру осы жылдың 1 маусымына ауыстырылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жалақының өсуі қызметкердің білігі мен еңбек өтіліне байланысты болады.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің көлемі бір жылда 21 пайызға, қызметкерлердің жалақысы 13,8 пайызға артқан болатын.