Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 34-орынға көтерілді

0
255

Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы 2019 жылғы рейтингін жариялады.

Орталық мәліметінше, Қазақстан биылғы рейтингте 34-орыннан көрініп отыр. Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей бар. Рейтингтің бірінші бағанында – Сингапур, екінші орында – Гонконг, үшінші орында  – АҚШ,  төртінші орында – Швейцария, бесінші орында –  Біріккен Араб Әмірліктері орналасқан.

Ал ең төменгі орындарға Бразилия, Хорватия, Аргентина, Моңғолия және Венесуэла жайғасқан. ТМД елдері ішінде бізден кейін Ресей 45-ші, Украина 54-орынды иеленді. Биыл зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген болатын. Еске сала кетейік, өткен жылы еліміз бұл тізімде 38-орыннан көрінген еді.

IMD рейтингі бәсекеге қабілет деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің  экономикалық даму деңгейін, ел үкіметінің тиімділігін, бизнес тиімділігі мен инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз