Астанадағы қоқыс полигоны қаншалықты толып тұр

0
21

Астанадағы жалғыз қоқыс полигоны 95%-ға толып тұр. Бірақ жыл сайын қаламызда шамамен тұрмыстық қалдық 700 мың тоннадан асады.

Мамандар бұл қоқыстардың тек 15% сұрыпталып, қалған 85% алаңға төгілетінін растады.
Статистикалық мəліметтерге қарасақ, əрбір қала тұрғыны күніне 1,5 кг қоқыс тастайды. Астанада тұрғын саны 1,4 млн адамнан асатынын ескерсек, көпқабатты үйлердің айналасындағы аузы-мұрнынан төгіліп тұрған қоқыс контейнерлерін көру таңғаларлық жəйт емес. Бұл жəшіктер пластик, шыны, қағаз жəне т.б бөлімдерге бөлінеді. Алайда, қала тұрғындарының қоқыс сұрыптау мəдениетін меңгермегенін сол жəшіктерге қарап ақ білуге болады.

2022 жылғы сауалнама нəтижесінде астаналықтардың 54,5% қоқысты мүлдем сұрыптамайтыны белгілі болса, 56,8% контейнерлерді мүлдем ажыратпайтынын мəлімдеді. Бұл контейнерлердің кейде қоқысқа толық екені анық.

фото: әлеуметтік желі

Clean City NC ЖШС елордамыздың тазалығын қадағалайды. Компанияның басқарушы директоры Тұрсынбековтың айтуы бойынша, компания күніне шамамен 750-800 тонна, айына 24 000-25 000 тонна қоқыс қалдығын шығарады, қоқыс шығару кезінде контейнер маңына жеңіл көлігін қойып кететіндер, қыста қарды қоқыс жəшігі маңына үйіп тастау сияқты кедергі кездеседі. Мұндай салмақтағы қоқыс Аstana Recycling Plant ЖШС зауытында өңделеді.

Зауыт 2008 жылы іргетасы қаланып, 2012 жылы қолданысқа берілген болатын. Күніне 1000 тонна қоқыс қабылдап, адам күшімен сұрыпталып, өңдеуге келмейтін қалдықтарды полигонға төгеді. Ал зауыттың шекті қауқары тек 600 мың тонна. Сандар шынымен де қорқынышты естіледі. Қазақстанның қоқыс полигондарында 120 млн тонна жиналса, ал Астана қаласының қалдықтар алаңында 4 млн тонна бар сынды. Бұл сұрыптау желісі 300 мың халыққа есептелген, ал елорда тұрғындарының саны да аз емес.

Сұрыптап үлгермегендіктен қалған қалдық полигонға жеткізіледі. Мұндай қарқында жалғаса беретін болса қала утилаттар астында қалмақ.

2050 жылға дейін қалдықтарды өңдеу 50% дейін жету керек деген үкіметтің уəдесі де бар. Бірақ шыны керек, күмəн көп. Егер Астанадағы жағдай мынадай болса, Павлодар облысы, СҚО, Абай облысы сынды мекендердегі рұқсаты жоқ полигондар мен реттеуші нормалар бөлінбеген қалардың жағдайы не болмақ?

Мерейлім Асқарбек, 11 сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз