₸12 млн сыйақы: «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

0
257
фото: tg/аntikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарованың орналасқан жері туралы ақпарат берген адамға 4000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Агенттік «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

“Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде”, – делінген хабарламада.

Шынар Мұқтароваға іздеу жарияланып, оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

“Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260”,- делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек Антикор, хабарламаның құпиялығына кепілдік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз