2018 жылы халыққа е-GOV арқылы 30 миллион қызмет көрсетілген. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі электронды үкімет порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жұмыстарын дамытуға байланысты кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 454-і немесе 61%-ы электронды форматта қолжетімді. Ал 165 қызмет тек қана электронды түрде көрсетіледі.
Министр мәлімдемесінде “Мемлекеттік қызметтердің электронды қызметке ауысуы халықтың уақытын үнемдеуге зор әсер етеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 100 пайызын автоматтандыру мүмкін емес. Өйткені, тиісті маманның қатысуынсыз жүзеге аспайтын да қызмет түрлері бар. Мысалы: мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру мен оларға медициналық-педагогикалық кеңестік көмек көрсету қызметі. Осындай бағыттағы қызметтердің процесі мен мерзімін қысқарту тиісті шаралар атқарылып жатыр”, – деді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша 76 қызмет электорондық болып ауыстырылды. Жүргізуші куәлігін алу мен көлік құралын тіркеу электронды арыз арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазірге дейін көлік құралын тіркеу 6 сағатқа созылған болса е-GOV арқылы төрт сағаттай уақытыңызды үнемдейге мүмкіндігіңіз болады. е-GOV-та көлік құралын сату немене сатып алу сынды қызмет түріне 120 минут қана жеткілікті.
Сонымен қоса, жоғарғы оқу орнына немесе жұмысқа орналасар алдын талап етілетін тұрғылықты мекен жайы туралы, сотталмағандығын айқындайтын немесе наркодиспансер мен психдиспансерден алынатын анықтамаларды е-GOV арқылы алуға мүмкіндік туады.