Жаңа жылдың алғашқы күні Астана халқының саны 57 адамға көбейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаланың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келді.
Қалалық Денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше, жаңа жыл түні елордада 9 адам пиротехникадан зардап шекті.
Қаланың травмотологиялық пунктеріне 320 адам жүгінген. Бұған қоса қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы 1561 шақыртуға қызмет көрсеткен.
Айта кетейік, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған болатын.