Қазгидрометтің мәліметінше, қаңтардың 4-6 аралығында Республикада аяз болады деп күтілуде.
Суық Сібір антициклонының күші Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа-райына әсер етеді. Алдағы үш тәулікте аяз болады деп күтіледі. Ауа температурасы 2…4 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің оңтүстігінде ғана күн райы аздап жылынып, кей жерлер жауын-шашынды болып, тұман түседі. Бұл Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірлері арқылы өтетін циклонға байланысты.