2050 жылға дейін тұрғындар саны Алматыда 2,5 миллионға, Астанада 2 миллионға, Шымкентте 1,5 миллионға жетуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті 5 сәуірде өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес барысында мәлімдеді.
Бұл қалалардың өсіп-өркендеу мекеніне айналып отырғанын алға тартқан президент, аталған қалаларда әлемдік деңгейде қызмет көрсетілетін болады деп түйіндеді. «Басқа қалалардың да өздерінің даму бағдарламалары болуға тиіс. Үкімет бұл мәселені зерттеуі қажет», – дейді мемлекет басшысы.
Халықтың қауіпсіздік мәселесі де жиын барысында тасада қалмады. Президент Кемерово қаласында болған қайғылы жағдайды еске салып, халықтың қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
Сафина Саид