23 мамыр дауылды ескерту жарияланды

0
139
дереккөзден

23 мамырда Астана мен бірқатар аймақтарда қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды.

23 мамыр Ақмола облысында түнде солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 м жылдамдықта жел соғады, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Астана қаласында 23 мамыр күні түнде солтүстік, солтүстік-батыстан15-20 м/с жылдамдықта қатты жел күтілуде, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықта жел соғады, дауылдың ықтималдығы 90-95% .

23 мамыр күндіз Жамбыл облысында күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде, таңертең және күндіз солтүстік-батыстан солтүстік шығысқа қарай ауысатын секундына 15-20 м жел күтілуде, жел екпіні 23-28 м\с. Кей жерлерде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында 23 мамырда жаңбыр жауады, қатты жел соғады деп күтілуде. Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында 23 мамырда солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с құрайды. Түнде кей жерлерде күн күркірейді.

Алматы облысында 23 мамырда кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысуы ықтимал, кей жерлерде жел екпіні секундына 18-23 м құрайды.


Сондай-ақ «Қазгидромет» 22 мамыр күні Астана қаласындағы қатты желдің екпіні секундына 21 м құрағанын хабарлайды. «Қазгидромет» таратқан ақпарға сәйкес, бұл жел екпіні қауіпті құбылыс. Мұндай екпінді жел 22 мамыр күні Қазақстан бойынша тек Астанада тіркелген.

Бүгін 22 мамыр Астанада қатты жел тұрып, салдарынан бірқатар ғимараттар зардап шекті, қала тұрғындары зардап шекті деген ақпар жоқ.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз