6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

0
65
с источника

Синоптиктер ереспубликаның 6 бірдей өңірінде дабылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

30 қаңтарда кей жерлерде бұрқасын болып, тұман тұтып, жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. 30 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, Алакөл көлдері аймағында 20-25, екпіні 30 м/с және одан жоғары болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді деп болжануда. Ал Ақтөбе қаласында күндіз бұрқасын болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасын болады. Сонымен қатар солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с, таңертең және күндіз екпіні 27 м/с болады деп күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с-ге дейін күшейеді. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғады.

30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы желдің екпіні 23-28 м/с сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Тараз қаласында 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады депкүтіледі. Кей уақытта көктайғақ болып, тұман тұтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз