“7-20-25” бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны 14 миллион 68 мың теңге.
“Баспана” Ипотекалық ұйымының хабарлауынша ең жоғары сұраныста аумағы 62 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды. Сонымен қатар қарыз алушы Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде болуы тиіс.