14 қараша күні Алматыда 80 мыңға жуық қала тұрғыны латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің негізінде диктант жазады. Бұл жөнінде қалалық тілдерді дамыту басқармасының мамандары «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары мен емле ережелерін көпшілік талқылау» атты жиында айтты.
Жаңа әліпбидің емле ережелерінің жобасын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары жасаған. Жұмыс барысында кирилл таңбасындағы қазақ әліпбиінің емле қағидалары басшылыққа алынды. Бірақ жаңа әліпбиде э, ю, я дыбыстары мен жіңішкелік және жуандық белгілерінің болмауына байланысты емле ережелеріне де жаңалықтар енгізіліп отыр.
24.kz хабарлағандай, жаппай диктант жазу жобасы мектеп, колледж, университеттерде және этно-бірлестік кеңселерінде өтеді. Негізгі мақсат жаңа әліпбиге байланысты азаматтардың ой-пікірін білу.