Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі Оскарға ұсынылады

0
159

Алматыда «Тұлпар» ұлттық кинофестивальнің жеңімпаздары анықталды. Режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі бес аталым бойынша үздік деп танылды.

Бұл қуанышымен режиссер өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

 

«Достар, бүгін біздің «Районы» фильмі «Тұлпар» ұлттық кинофестивалінде 5 аталым бойынша – «Үздік музыка», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік сценарий», «Үздік режиссер», «Үздік фильм» жеңіске жетті. Мен барлық түсірілім тобын, актерлерді және біздің «AstanaFilmFund» қорын құттықтаймын!», – деп жазады А. Сатаев.

Атап өтсек, ережеге сәйкес келесі жылы «Районы» кинокартинасы Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылады.  Бұдан өзге аталған кинокартинаға сценарий жазған Тимур Жақсылықов «Үздік сценарист» аталымын жеңіп алды.

Ал «Ең үздік шетелдік фильм» аталымын қырғыз режиссері Руслан Акуновтың «В поисках мамы» кинокартинасы иемденсе, «Үздік әйел бейнесі» аталымын «В сетях» фильміндегі рөлі үшін Айсұлу Азимбаева жеңіп алды. «Үздік актер» аталымы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинокартинасында ойнаған Қайрат Кемаловқа және «Районы» фильмінде ойнаған Елтерер Нұржановқа бұйырды.

«Үздік қоюшы-оператор» аталымын «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинокартинасы, Сапар Қойшыманов пен Александр Плотников жеңіп алды.  «Үздік музыка» аталымын «Районы» фильміндегі композитор Әлім Заиров иемденді.

«Үздік қоюшы-режиссер» аталымы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинокартинасындағы Өмірзақ Шманов пен Сәбит Құрманбековке бұйырды.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз