LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі Алтай Көлгіновке осындай тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
«Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке астананың әлеуметтік-экономикалық жайластыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет»,-деп жазды Қазақстан Президенті.