Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздік жасаған 717 адам сотталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен алқа отырысында прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылған.
“Бүгінгі күні қаңтар оқиғасын тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданып, 717 адам сотталған (жаппай тәртіпсіздік жасау, ұрлық, тонау, қаруды сақтау және алып жүргені үшін)”, – делінген хабарламада.