Ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл

0
1,550
Мұқағали Мақатаев

9 ақпан күні ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл толды.

Kazaknews.kz сайтының тілшілері көшеге шығып Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ақын туралы сұрақ қойды.

Мұқағалидың шын аты Мұхаммедқали. Ол 1931 жылы 9 ақпан күні Алматы облысында дүниеге келіп, 1976 жылы 45 жасында қайтыс болған.

Мұқағали 1948-1949 жылдары қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Ақын, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”), “Жұлдыз” журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарады.

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” атты прозалық кітабы да бар. Ақиық ақынның шығармалары қырғыз, өзбек, т.б. тілдеріне аударылған. Мұқағали, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Twitter-ге пост жариялаған президент Тоқаев, бұл күнді “әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той” деп атады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз