Абьюзерлік типті қалай байқауға болады: Көрінбейтін қауіп пен одан қорғану жолдары

0
12
фото: tengrinews.kz

Бұл — тек статистика ғана емес, қоғамымыздағы ащы шындық. Абьюз — тек бөтен адамнан емес, көбіне жақын, сенімді тұлғалар тарапынан жасалуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам бұл жағдайға тап болу қаупі бар екенін түсінуі керек. Ең бастысы — дер кезінде белгілерін танып, қорғану жолдарын білу.

Абьюз бірнеше түрге бөлінеді:

  • Психологиялық
  • Физикалық
  • Экономикалық

Әрқайсысы адамның өміріне, денсаулығына, еркіндігі мен дамуына үлкен қауіп төндіреді.

1. Психологиялық абьюз

Психологиялық зорлық — бұл адамның ішкі сеніміне шабуыл жасау. Мұндай абьюз кезінде:

  • Құрбанның өзін-өзі бағалауы төмендейді
  • Ол өз пікіріне, шешіміне сенімсіз болады
  • Жүйелі түрде сөзбен төмендету байқалады

Мысалы, мектеп жасындағы оқушылар арасында да мұндай жағдайлар кездеседі. Егер Дамир есімді оқушы Айданаға оның «тым арық» екенін немесе «жақсы оқымайтынын» үнемі бетіне басып айтса, қыз бала психологиялық жарақат алуы мүмкін.

2. Физикалық абьюз

Бұл — адам денесіне әдейі зақым келтіру. Қол көтеру, итеру, күштеп ұстау — бәрі физикалық зорлыққа жатады. Мұндай жағдайда көмек сұрау өте маңызды.

Көмек көрсету ресурстары

Мысалы, «Aman Online» платформасы арқылы ата-аналарға геолокация жіберіледі, дыбыс жазбасы автоматты түрде қосылады.

«Бақытты Жамал» секілді парақшалар зардап шеккендерге ақпараттық және психологиялық көмек береді.

3. Экономикалық абьюз

«Мен болмасам, сен аш қаласың» — бұл сөз тіркестері абьюзерлердің типтік тәсілдерінің бірі. Экономикалық абьюз кезінде:

  • Құрбан қаржыдан тәуелді болады
  • Ақша арқылы басқару, қысым көрсету орын алады
  • Бұл көбінесе неке, көпбалалы отбасыларда және жасөспірім қыздар арасында байқалады

13 жастағы Люси былай дейді:

«Мен бұл қалыпты деп ойладым, өйткені ол менің бірінші шынайы жігітім болған.»

Жасөспірімдер мұны жиі «махаббат» деп қабылдайды. Бұл — тәжірибенің жоқтығы мен өзіндік шекараны ажырата алмаудың салдары.

Психолог Әнел Есенбаева айтуынша:

«Қорлау көбінесе ішкі жанжалдардың шешілмеуінен және өзін-өзі бағалаудың төмендігінен басталады. Егер адам бала кезінде абьюзивті ортада өссе, ол мұндай қатынасты қалыпты деп қабылдауы мүмкін.»

Абьюзді уақытында байқау үшін алдымен «көгілдір көзілдірікті» шешу керек, яғни адамның шын мінезін байқай білу қажет. Әрбір әйел абай болып, серіктесінің іс-әрекетін мұқият бақылағаны жөн. Егер «неліктен сонша кеш келдің?», «кіммен болдың?» деген сұрақтар жиі қойылып, бақылау күшейсе, бұл абьюздің алғашқы белгілері болуы мүмкін. Осындай жағдайларда көмектесетін орталықтардың байланыс нөмірін алдын ала біліп, жаттап жүру керек. Мысалы, «102» нөмірі арқылы полиция шақыруға болады, ал «komek.otbasy.kz» сайты арқылы кризистік орталықпен байланысуға болады. Олардың сенім телефоны – 8 702 892 97 77.

Алайда тек осындай орталықтардың болуы жеткіліксіз. Әйелдердің өздерін қауіпсіз сезінуі үшін бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ол үшін адамдардың жүрегі мен санасы өзгеріп, зорлық пен қысымның не екенін нақты түсінгені маңызды. Жақсы мен жаманды ажырата алатындай, қарапайым, түсінікті ақпарат пен тәрбие берілуі керек. Бұл тәрбие ауылдардан бастап, бүкіл елге тарауы тиіс. Сонда ғана біз әйелдерге қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыра аламыз.

Айгерим Есенбаева

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз