Адамның есімі мамандығына әсер ете ме?

0
49

Бала дүниеге келер алды әр ата-ананың тағы бір уайымы – есім таңдау. Адамды алғаш тұлға ретінде танытатын оның тегі. Қазақ ата-бабаларымыз «атына заты сай» екен деп бекер мақтамаса керек. Сондықтан бала дүниеге келген кезде есімің жақсы адам болсын деп ниеттеніп қояды. 

Номинативті детерминизм – өзімізді еске түсіретін заттарға тартылыс білдіретін тұжырымдаманың бөлігі. Дүниеге келген баласына ата-анасы ат қойғанда ұлы тұлғаға немесе танымал адамға ұқсасын деп ырымдап қояды. Бағжан Октябрь есімді тұлғаның туған күні қазан айында екен. Сәйкестік пе?

Әлеуметтік желіні де ақтарып көріп, бірнеше дерек көздеріне жүгіндік. Оның бірі sputnik.kz сайтынан «Бердалы Оспанның сөзінше, халық есім таңдауда түрлі сенімге сүйенген. Тіпті есім адам өміріне де тікелей әсер етеді. Ертегідегі Алдар көсенің не себепті Алдар атанғаны туралы да қызықты дерек бар көрінеді. Алдар көсенің әкесінің есімі Алдан екен. Шынында да ол өмір бойы әркімнен алданып жүріпті. Қорлық көрген, алданып жүрген аңқау азамат тұңғыш ұлына Алдар деп есім беріпті. “Адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді” дейді халық. Бұл да соның бір дәлелі болса керек”,- деген ақпаратты байқаймау мүмкін емес. 

Адам есімі мен таңдаған мамандығы арасындағы байланысты зерттейтін бір қызықты ұғым — номинативтік детерминизм деп аталады. Бұл теория бойынша, адамның аты оның өмірлік жолына, соның ішінде мамандық таңдауына әсер етуі мүмкін. Бұл ұғым алғаш рет 1990 жылдары New Scientist журналында айтылды.

Мысалы, ағылшын тілінде докторлық ғылыми дәрежесі бар адамның аты Dr. Baker болса, оның нағыз мамандығы наубайшы (baker) болғаны туралы нақты мысалдар келтіріледі. Сол сияқты, ағылшын зерттеушілері Pelham, Mirenberg және Jones 2002 жылы жүргізген зерттеулерінде адамдар өз есіміне немесе фамилиясына ұқсас кәсіптерді жиі таңдайтынын анықтаған. Бұл құбылысты олар “implicit egotism” — яғни, адамның өз-өзіне бейсаналы түрде ұнайтын нәрсеге тартылуы деп сипаттайды.

Қазақстанда 1990-2025 жыл арасында есімдер қаншалықты өзгерді? 

Мысалы, 1990 жылдары батырлардың есімдеріне ұқсасын деп – Абылай хан, Алпамыс, Ахмет, Томирис, Әлия, Мәншүк сынды патша, батыр есімдерді ұқсатқан.  2000 жылдардан бастап жұлдыздарға ұқсасын деп – Роза, Майра, Тамара, Мақпал, Мейрамбек сынды есімдер болды.  2012 жылдан бастап заманауи есімдерге ауысты. Мысалы: Даниал, Данияр, Арман, Диляра, Айдана сынды есімдерді қоя бастады.  Ал қазіргі есімдердің бірі: Айлин, Тай, Лира, Лаура деп өзгеріп келеді. 

Қазақ қоғамында да есімнің үлкен мағынасы бар. Әр есімге арнаулы мән, тілек, үміт жүктеледі. Мысалы, “Ғалым”, “Ұстаз”, “Батыр”, “Дана” сияқты есімдер иесіне белгілі бір сипаттама мен болашаққа бағдар бере алады. Мұндай есім иелері кейде сол есімге сай болуға ұмтылады — бұл әлеуметтік және психологиялық немесе ішкі мотивацияның қайнары болуы да ықтимал.  

Адамның есімі мамандық таңдауына тікелей әсер етеді деп кесіп айту қиын. Алайда зерттеулер көрсеткендей, есім белгілі бір деңгейде бейсаналы әсер етуі мүмкін. Бұл әсіресе бала кезінен есімінің мағынасын түсініп өскен адамға тән. Қоғамдық пікір, отбасы мен ортаның рөлі де айтарлықтай маңызды.

Сондықтан ата-ана баласына есім қоярда оның мағынасына ерекше мән бергені дұрыс — бұл болашақта баланың өзін-өзі тануына, мақсат қоюына және өз жолын табуына септігін тигізуі ықтимал. 

Сабина Бекболат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз