Ұлыбританияның Бристоль университетінің ғалымдары «Тауық бірінші пайда болған ба, әлде жұмыртқа ма?» деген ең әйгілі жұмбақтың жауабын тапты. Бұл туралы “The Mirror” басылымы хабарлады.
Ғалымдар ең күрделі эволюциялық құпияны шештік деп санайды. Олардың зерттеулеріне сәйкес, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ертедегі ата-бабалары жас ұрпақ тудыруы мүмкін екенін анықтады. Яғни, қазіргі құстар мен бауырымен жорғалаушылардың алғашқы ата-бабалары жұмыртқадан шықпаған. Иә, эволюциялық тұрғыда тауықтардың алғашқы ата-бабалары динозаврлар салған жұмыртқалардан шыққан. Бірақ жақында жүргізілген зерттеулер тауықтардың ертеректегі бауырымен жорғалаушылардың ата-бабалары динозаврлардан миллиондаған жылдар бұрын жұмыртқа салмаған болуы мүмкін екенін көрсеткен.
Бристоль университетінің Жер туралы ғылым мектебінің жүргізген зерттеуінде қатты және жұмсақ қабықты жұмыртқа салатын немесе тірі түрлердің 51 қазба және 29 тірі түрін зерттеді. Олардың зерттеулері Nature, Ecology & Evolution журналында жарияланған.
Бристоль және Нанкин университетінің ғалымдарының айтуынша, қатты қабықшалы жұмыртқалар эволюцияның ең үлкен жаңалығы ретінде жиі қарастырылғанымен, бұл зерттеу эмбриондарды ұзақ уақыт сақтау құстардың бұл түрін толық қорғауды қамтамасыз ететінін анықтады.
Осындай зерттеулерге сүйенген ғалымдар ең танымал жұмбақтардың біріне сенімді түрде жауап бердік деп санайды: «тауық ертерек пайда болды».