Қайтыс болғаны туралы анықтаманы онлайн алуға болады

0
198

Жақындарынан айырылған қазақстандықтар қайтыс болғаны туралы анықтаманы eGov.kz порталынан онлайн ала алады. Бұл туралы цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анықтаманы алу үшін қайтыс болған адамның ЖСН номерін енгізу жеткілікті. eGov.kz порталында “Отбасы” бөлімінде “Отбасы жағдайы” бөлімшесін тауып, “Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама” қызметін таңдап, оған тапсырыс беріп, ЭЦҚ-мен қол қою керек.

“Бұрын көп уақытты алатын бірнеше ұйымға бару қажет еді. Яғни  жерлеу анықтамасы, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны рәсімдеу деген секілді. Ал, қазір оны онлайн жасауға болады” – деп түсіндірді цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы қызмет іске қосылғалы қайтыс болу куәлігі, перинаталдық өлім туралы медициналық куәлігі және өлімді міндетті түрде ресми тіркеу куәлігі алынып тасталынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз