Алдағы үш күнде Астанада мол жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
20 тамыз күні көшпелі бұлт шығып, өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 5-10, кей жерлерде желдің екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С.
21-ші тамыз күні көшпелі бұлт шығып, жауын жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +13+15°С.
Ал, 22 тамыз күні көшпелі бұлт шығады, жауын, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +17+19°С.